Оралдық кәсіпкер сүттің сары суынан алынған тірі бактерияларды құбырларды тазартуға пайдалануды ұсынып отыр. Жасұлан Мұқановтың тың жобасын бірлесіп іске асыруға қатысқан Ресейлік ғалымдар да идеяны жоғары бағалап отыр. Бактериялар құбыр бойына жиналған қатты қалдықтарды ерітіп шайып жіберуге қауқарлы. Табиғи ерітінді  пластикалық және металл құбырларға да залалсыз. Бір құбырды тазалауға қанша бактерия кететінін Краснодардағы зертхана кеңесі шешеді. Шаю жұмыстары бұған дейін тәжірибе ретінде агро-техникалық университетте жүргізілген. Енді Оралдағы мектептің бірінде жүзеге асырылмақ.

 

Жасұлан МҰҚАНОВ, ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ:

Бұл технология жылу жүйесіндегі құбырларды ешқандай күрделі жөндеусіз-ақ қалпына келтіреді. Осы арқылы құбырларды алмастырмай әрі қарай пайдалана беруге болады. Бұл, бүкіл құбырлар жүйесін ауыстырғаннан гөрі 15 есе арзанға түседі.

 

Айгүл МҮТИЕВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №20 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бәрін тазартып отоплениеның трубаларын, батареяның бәрін жаңа күйіндегідей келтіремін, іші кұрылысын бәрін тазартамын деп айтқасын соған келісім беріп сол, қазір жасалынып жатыр. Енді бұның жылуын енді қыста көреміз ғой.

 

Қайсар КУШАЛИЕВ, ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БҚАТУ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:

Бүкіл мына қысқа дайындау әртүрлі мекемелерді, бүкіл мына отопление дейміз, радиаторлар дейміз, соны тазалау жағынан мына бүгін көрсеткен проектке біздер көзіміз жетіп тұр. Бұларды зерттеп бірге Жәнгір хан атындағы БҚАТУ қосымша бұлармен жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз.

 

 

 

Сурет: kanalizaciyam.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер