Оңтүстік Қазақстан облысындағы Алатау сілемдерінде екі күшігін ертіп жүрген қар барысы жасырын камераға түсіп қалды. Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің инспекторлары бұдан бөлек тағы екі Түркістан Сілеусінін таспаға басып алған. Жыртқыштар бұл өңірде соңғы 50 жылдан бері кездеспей кеткен еді. Табиғат сақшылары бұл аңдар шамамен 2 -2,5 жасар деп отыр. Өйткені қорықшылар тура екі жыл бұрын «Ақкезең» шатқалынан  қар барысын кездестірген. Бұл соның балалары болуы мүмкін дейді. Қар барысы негізінен Гималай, Памир, Тянь-Шань, Алтай мен Үлкен Кавказ тауларын мекендейді. Ал, Түркістандық сілеусіннің дене бітімі барыстан шамалы ғана кіші. Тұқымы құри бастаған екеуі де Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. Енді екі жыртқышты да толық зерттеуге болады, - дейді мамандар.

 

Елжан АМАНОВ, "САЙРАМ-ӨГЕМ" ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі кезде күн  ысыған сайын бұлар біздің Қар барысымыз да Түркістан сілеусіні де бәрі жоғары кетеді.Өйткені күн ыстық кезде аңдар жоғары көтеріледі. Олардың қоректенетіні архар,тау ешкі жабайы шошқа және елік болатын. Олар жоғары жерде жүреді.Сілеусін мен қар барысы басқа жерге аумайды өйткені бізде аңдар көп.

 

 

 

Сурет: webmandry.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер