Жамбыл облысында спорттық киімдер шығарылмақ. Аумақтың бизнес өкілдері аталған өндірісті Вьетнамдық әріптестерімен бірлесіп жүзеге асырмақ. Социалистік республиканың Қазақстандағы елшісі бастаған делегация аумақтың бизнес өкілдерімен кездесіп, аймақтың инвестициялық жобаларымен танысты. Жарты жылда Вьетнам мен Жамбыл облысы арасындағы алыс-беріс 19 млн тенгеден асқан. Вьетнамдықтарды сонымен қатар ауылшаруашылығы, химия өнеркәсібі және құрылыс заттарының өндірісі қызықтырды.  

 

Доан ТХИ СУАН ХИЕН,  ЧРЕЗВЫЧАЙНЫЙ И ПОЛНОМОЧНЫЙ ПОСОЛ СОЦИАЛИСТИЧЕСКОЙ РЕСПУБЛИКИ ВЬЕТНАМ В РК:

 

Біз сіздің облыспен сауда-экономикалық байланысты нығайта түсуге мүделіміз. Әзірге қос аймақ арасындағы тауар айналымының көрсеткіші төмен. Жамбыл өңіріне вьетнамдық  кәсіпкерлер жергілікті тауар өндірушілердің өнімімен танысуға арнайы келіп отыр. Сондай-ақ өздерінің де ұсыныстары бар. Кездесу жемісті болып екі жақты алыс-беріс деңгейі артатынына сенімдімін.

 

Сурет: enigma-project.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер