Ақтөбеде ірімшіктен крем жасап шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Дәмдеуіш тағам даярлайтын Қазақстандағы бірден-бір өндіріс ошағының өнімдерін дайын күйінде және қоспа түрінде де қолдануға болады. Ең бастысы, Ақтөбеде жасалған өнім бағасы сырттан әкелінетін осындай тауарлардан 3 есе арзан.

 

Алена КРЕКОТЕНЬ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ ӨНІМ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 

Зауыт қондырғыларына бірқатар жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, еуропалық қосалқы бөлшектер пайдаландық. Біз ең алдымен сапалы әрі қауіпсіз өнім шығаруды мақсат тұтамыз. Ресей нарығы біз үшін қосымша пайда табудың көзі.

 

Экспортқа шығу – басты міндет. Осы мақсатта кәсіпорын барлық талаптарды қатаң сақтайды. Жаңа желіні жүргізуге миллиард теңгедей қаржы жұмсалды. Оның тең жартысы кәсіпорынның өз қаражаты, ал қалған қажеттілік «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Ірімшіктен жасалған кремнің  дәмін алғаш болып жергілікті тұрғындар татып көрді. Татымды тауар жуырда Астана, Алматы, Шымкентке жөнелтіледі. Онан соң көршілес елдің Орынбор облысына саудаланады.

 

Анар ДАРЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Аталған компания бүгін халықаралық сертификатқа қол жеткізді. Енді бізге Ресей нарығы ашылады. Біз негізінен жұмсақ ірімшіктің бірнеше түрін және йогурттар жібереміз.

 

Дайын өнім зертханада мамандардың мұқият тексеруінен өтеді. Содан кейін барып сауда сөрелеріне шығарылады. 

 

Сурет: zakvaski.ariadna.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер