Қазақы қойдың өсімі мен өтімі жақсы. Сыр өңірінде асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналысып 4 жылда уақ малды 200 бастан 11 мыңға жеткізген шопандар шоғыры бар. Соның бірі - Жаңақорған ауданындағы «Көбелдес» шаруа қожалығы. Қаратау бөктеріне қой өргізген малшылар өңірде алғаш болып қолдан ұрықтандыру әдісін қолданды. 4 жыл бұрын қожалық Павлодар облысынан асыл тұқымды қошқарлардың алғашқы легін алдырған. Қоңдануы тез қойлардың әрқайсысының салмағы 120-130 келі тартады. Қазір шопандар өнімдерін облыс аумағынан бөлек көрші Оңтүстік Қазақстан өңіріне де өткізіп жүр. Жалпы аудандағы 198 шаруашылықтың 6-уы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады.  

Нышан МОЛДАШЕВ, ШАРУА:

Жай қошқарларымыздың барлығын салғанда, мысалы 120-130 келі қошқар салатын болсақ, 3 келі қосқанда әр қойға. 1 қойдың тұқымы 200 қойға дейін жетеді. 200 қойға жетеді деген сөз 600 келі салмақ қосады. Бір қошқардың өзінің пайдасы.

 

Сурет: www.rusrep.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер