Елімізде «Мектепке жол!» жалпыреспубликалық акциясы басталды. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында білім және ғылым министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Игі шара аясында 300 мыңға тарта оқушы жаңа білім науқанына сай болу үшін мекенжайлық көмек алады. Бүгінде бұл тізімге әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 280 мың бала тіркелген. Акция барысында мектеп формасы және оқу түгестеулеріне қажетті жабдықтармен қамтылатын шәкірттердің қатары толықтырылатын болады. Жалпы, «Мектепке жол!» шарасы қолға алынған 8 жыл ішінде 2 млн. астам  тәлім алушыға 2 млрд теңгенің демеуі жасалыпты. Бұдан бөлек, жаңа  оқу жылы қарсаңында ел көлемінде «Қауіпсіз мектеп!» акциясы ұйымдастырылмақ.

 

Ержан ЖЕРЕНБАЙ, ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 

Республикалық акция барысында мектепте, үйде, есік алдында, ливте, кіре берісте,суда, жолда, көліктегі қауіпсіздік ережелері туралы, сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері және шұғыл қызмет туралы балалар мен ата-аналарды ақпараттандыру бойынша жұмыстар атқарылады. 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер