Ақтауда туристерге арналған жаңа автобус бағыты ашылды. Онымен қала сыртындағы демалыс орындарына бас-аяғы бір 1 сағат болар-болмас уақытта жете аласың. Каспий жағалауында тынығам деушілер нөпірі үшін күніне бірнеше рет көлік қатынайды.

 

Каспийдің жағалауында 20-дан астам демалыс базасы орын тепкен. Мәселен, Облыстағы аквапарк – Каспийдің ең мақтаулы орындарының бірі. 4 бірдей су алабы бар сауықтыру орны 500 адамға арналған. Теңіз суы бабымен жылытылған.

 

Антон ЦИМЕРМАН, ДЕМАЛУШЫ (АҚТӨБЕ):

 

Жақсы қарсы алды, бәрі жайлы. Екі-үш апта бұрын телефонмен хабарласып орын алып қойдық, алдын ала ақша сұраған жоқ. Құмды жағажай, жылы да таза теңіз суы. Аквапарк тіпті керемет, балаларға да ұнайды. Бәрі сырғанай алады, кезек өте көп емес.

 

Кәсіпкерлердің айтуынша, өңірге шетелдіктердердің, әсіресе, жапон, қытай, Ресей мен Еуропа туристерінің ынтасы ауа бастаған. Оларды экотуризм мен Маңғыстау облысының тарихи, табиғи орындары өзіне тартады. Өңірдегі көлік әлеуеті де салаға серпін беріп отыр.

 

Гүлжан БАЙЖАУЫНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Туризмді дамыту бойынша көптеген жұмыстар жасалып жатыр. 900 млн тенге туризм жобаларына қарастырылған.Былтырғы жэылмен салыстырғанда 2014-2015 жылмен салыстырғанда қазіргі туристердің саны жылдан жылға көбейпі барады. Соның ішінде иностранный туристер әсіресе.

 

Биыл облыста туризм саласына жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді қолдауға 900 млн теңге бөлінген. Бизнесмендер оған демалыс орындары мен үйлердің санын көбейтті. Ақтау қаласына экскурция жасау жобасы да соның шеңберінде жүзеге асқан.  

 

Сурет: spinigrade1.rssing.com

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер