Рио-де-Жанейрода өтетін 31-ші жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура бір апта қалды. Қазақстандық спортшылар дүбірлі додаға қандай киім киіп шығады? Бұл фабрика Азиада ойындарына, Бейжің және Сочи олимпиадаларына қатысқан спортшыларды киіндірген. Шеберлер Рио-де-Жанейро олимпиадасының топтамасын жасауға бір жыл жұмсапты.

 

Елена СВЕЧНИКОВА, ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Рио жобасы бойынша комиссия жұмыс істеді. Оның құрамында кәсіби спортшылар, Олимпиада чемпиондары болды. Тәуелсіз дизайнерлер шақырылды. Біз 15-ке жуық топтама үлгісін жасап байқауға ұсындық. Өз еліміздің патриоттары ретінде қазақ халқының ұлттық нақыштарын қолдандық.

 

Дизайнерлер ұлттық мәдениетпен бірге, Бразилияның табиғатын да ескерген. Спорттық киімдер ыстықтатпайды, желді жақсы өткізеді. Әр формада бас киімнен бастап, шұлыққа дейін, 14 зат бар. 5 тамыз күні Қазақстан спортшылары әйгілі «Маракана» стадионында осы костюмдермен шығады. Тігіншілер өздері тіккен формалардың көрермен көзайымына айналарына сенімді.

 

Әсия БАСТАУБАЕВА, ТІГІНШІ:

Бүкіл елдің намысын қорғап баратын спортсмендерімізге, осы жайлы болсын деп осындай маталарды арнайы, жаңағы сұрастырып, әдейілеп әкеліп осыны тігіп жатырмыз. Мына маталардың өзі қарап тұрсаң жұп-жұмсақ. Денеге жайлы.

 

 

 

Сурет: alzhan.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер