Астананың іргесіндегі табиғи демалыс саябағында дуатлоннан отбасылық жарыс ұйымдастырылды. Спорттық шараға мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысып, өзара сынға түсті. Биыл сала мамандары осымен екінші рет дуатлон бәсекесін өткізіп отыр. Бірінші кезеңде 100-ге жуық қатысушы 3 шақырымға жүгіру үшін жарыс жолына шықты. Ал, әйелдер мен балалар одан екі есе аз қашықтықта бақ сынасты. Сөйтіп, мәре сызығына жеткен қызметкерлер екінші кезеңде велосипедпен жарысып, тағы 3 шақырымды бағындырды.

 

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС КОМИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен кеден органдары, салық органдарының құрылғанына 25 жыл бар, осы кіріс комитетінің 2 жыл толып отыр. Соған арналған жарыс өткізіп отырмыз. Біздің ұжымымызда 800-ден астам жұмысшы бар. Орталық аппаратта. Бүгінгі таңда, осы жарыста, әріптестерімізбен бірге, отбасы мүшелері бар. Барлығының көңілі көтеріңкі. Ұжымымыз жұмысқа дайындалып әрқашан дайын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер