«Хабар» телеарнасы Рио олимпиадасын тікелей көрсету құқығын иеленді. Шараның ашылу және жабылу салтанатын, спортшыларымыз қатысатын жарыстарды қазақстандық көрермен сол сәтте тікелей эфирден қарайтын болды. Бұған қоса, арна сайтында Khabar.kz olympics интернет жобасы іске қосылды.

 

Ринат КЕРТАЕВ, «ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Жобаның ауқымында көрермендер, жанкүйерлер олимпиадаға қатысты, біздің құрамаға қатысты соңғы жаңалықтарды көріп білуге оқуға тіпті танымал спортшылардың өзінің әлеуметтік парақшаларға салып жатқан материалдарын біліп отыруға мүмкіндік алады.

 

Ойындарды жедел сол уақытында көрсету үшін екі бірдей түсіру тобы Бразилияға аттанбақ. Тілшілер жаңалықтар мен олимпиада күнделігін әзірлеп «Хабар» және «24» арнасынан өздеріңізге ұсынатын болады.

 

Қанат БАЗЫЛХАН, «ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ СПОРТ ТІЛШІСІ:

 

Спортшы үшін олимпиадаға қатысу - ең биік шың болатын болса осы олимпиадаға бару спорт тішісі үшінде ең биік шың. Сондықтан спортшылар секілді бізде тақымымызды қысып өзімізге артылған жауапкершілікті сезіп отырмыз. Көрерменге қызықты, танымды, нақты ақпарат жеткізуге тырысамыз.  

 

Жалпы, Риодан көрсетілетін трансляция уақыты жүз сағаттан асады деп жоспарлануда.

 

Сурет: khabar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер