Ресми Анкара елде болған әскери бүлік кезінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстан билігіне алғыс білдірді. Түркияның біздің елдегі елшісі Невзат Уянык сын сәтте алғашқылардың бірі болып Нұрсұлтан Назарбаев жеделхат жолдады, - дейді.

 

Невзат УЯНЫК, ТҮРКИЯНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 

Отанға жасаған опасыздық шарасынан соң көптеген елдер бізге қолдау көрсетті. Алғашқылардың бірі болып, түрік халқының қайғысын бөлісетінін білдірген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа осы мүмкіндікті пайдаланып, алғысымды білдіремін.

 

Еске салсақ, 15 шілдедегі төңкеріс әрекетінен соң ел билігі опасыздыққа барып, бүлік шығарғандарды әшкерелеуде. Содан бері 10 мың 780 адам анықталып, оның 4 мың 544-і тұтқындалды. 21-ші шілдеде Түркияда 90 күндік төтенше жағдай енгізілді.

 

Сурет: spectr.com.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер