Қазақ мемлекеттік циркі Алматы қаласының мыңжылдығына орай мерекелік кавалькада өткізді.

 

Шеруге «12 арыстан мен Мысыр ханзадасы» халықаралық бағдарламасының артистері қатысты. 16-шы шілде күні басталған жаңа бағдарлама 21-ші тамызда аяқталады. Көпшілікке жақсы таныс «Номад» атты-акробаттардың тобы да қалалықтардың көзайымына айналды. Сондай-ақ кавалькадаға эквилибристер, акробаттар мен цирк балетінің шеберлері де шықты. Алматы көшелерін аралап қайтқан цирк жұлдыздары тамыз айында тағы бір шеру жасамақ. Мақсаттары - қаланың 1000 жылдығына үн қосып, цирк өнерін дәріптеу. 

 

Мариям, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 

Жоқ ешқашан көрмедім арыстанды көшеде. Бүгін бірінші рет оларды көрдім көшеде. Біз циркке өте көп барамыз.

 

Бақыт БӨКЕБАЕВ, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЦИРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Біздің мыңжылдыққа арналған қойылым өткеннен кейін бізде жаңа жылдық қойылым, жаңа жылға дайындық басталады. Ол да тамаша қазір жаңа шоу болады.

 

Сурет: insider-dnr.livejournal.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер