"Тұлпар-Тальго" пойызының жыл басынан бергі миллионшы жолаушысы тосын сыйға кенелді. Жұма күні елордаға Ақтөбеден арнайы сапарлап келген Қанымай Бекбауоваға тегін билеттер берілді. Кейуана миллионыншы жолаушы болғанын тек перронға түскен сәтте білді. Оған кез келген бағытта он рет тегін жүру куәлігімен бірге, ұялы телефондар тарту етілді. Жалпы, "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы биыл еліміз бойынша 10 миллион адамға қызмет көрсетіп үлгерді. Енді компания "Астана-Алматы", "Алматы-Шымкент" сынды бағыттарға жаңа пойыздарды іске қосып, күніне екі мәрте жолаушы тасымалдамақ.   

 

Қанымай БЕКБАУОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

Бәрі тұрғанда қорқып кеттім. Рахмет айналайындар. Бақытты болыңдар. Пойыз ұнады. Әр уақытта осылай жиі жүремін.  Балаларым үшін немерелерім үшін. Сендерге енді миллионшы болғаныма қуанып жатырмын. Жүре берем ба енді. Рахмет бақытты болыңдар!

 

Дияр НҮСІПҚОЖАНОВ, "ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ" АҚ "ЭКСПРЕСС" ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

12 бағытта біздің "Тұлпар-Тальго" пойыздарымыз бағыттайды. Жылдың аяғына дейін тағы екі бағыт ашылуда. 2020 жылға дейін тағы сегіз бағыт қосылады. Жеңілдіктер қарастырғанбыз. Біздің мына адам саны көтеріліп жатыр.  

 

Сурет: temirzholy.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер