Осыдан екі жыл бұрын із-түссіз кеткен MH370 ұшағында болған қытайлық жолаушылардың жақындары лайнерді іздестіру шараларын жалғастыруды өтінді. Олар өз елдеріндегі сыртқы істер министрлігіне осындай петиция жолдаған. Өткен аптада Малайзия, Қытай және Австралия елдерінің өкілдері әуе көлігін іздестіру шаралары нәтиже бермеген жағдайда, операцияның тоқтатылатынын хабарлаған болатын. Алайда, ұшақ жолаушыларының туыстары мұндай шешіммен келіспейді.

 

Айта кетейік, Malaysia Airlines әуе компаниясының Куала-Лумпур- Бейжің бағытындағы Boeing 777 ұшағы 2014-ші жылдың 8-ші наурызында із-түссіз жоғалған болатын. Оның бортында болған 239 адамның дені Қытай азаматтары еді. Алдын-ала болжамға сәйкес, лайнер Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде апатқа ұшыраған. Осы уақытқа дейін іздестіру тобы сол аймақта су астында 120 мың шаршы шақырым аумақты тексеріп шыққан. Осы күнге дейін операцияға 135 миллион доллар қаржы жұмсалды.    

 

Сурет: en.wikipedia.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер