Қазақстанда астық қолхаттары тек электронды түрде жүргізіледі. Қағазбастылық пен шаруалардың жол мен уақыт машақатын шешу қамында қолға алынған жаңашылдық үстіміздегі айдың 23-нен күшіне енді. Енді отандық аграрийлер әлемнің кез келген нүктесінен жинаған өнімін сақтау бойынша келісім жасау мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде егін шаруашылығымен айналысатын ауыл еңбеккерлерінің 20 пайызы жаңа жүйеге тіркеліп үлгеріпті. Бұл шамамен 4 мың шаруа қожалығы. Еліміздегі нан қабылдайтын кәсіпорындардың 90 пайызы электронды астық қолхатымен жұмыс жасауға әзір отыр.  Сондай-ақ, minagro.kz сайтына тіркелгендер онлайн түрде өнімін сауда нарығына шығара алады. Бұдан бөлек, электронды астық қолхаты баннктен несие рәсімдеген кезде кепілдікті қамтамасыз етпек.

 

Жанасыл ОСПАНОВ, ҚР АШМ «АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕПТІК ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 

Электронды жүйе шаруалардың мүдделерін және  деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәуекелді барынша азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, астық қолхаты үрдісіндегі шығындарды екі есеге дейін қысқартады. Салаға инвестиция тартуда оң әсерін тигізеді.

 

Сурет: i-news.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер