Ауыл шаруашылығы саласын ғылыммен ұштастыру үшін елімізде шаруаларға арналған семинарлар ұйымдастырылуда. Бүгінге дейін 1,5 мыңға жуық фермер білімін жетілдірген. Сондай семинардың бірі Астана іргесіндегі Шортанды ауданында өтті.

 

Сатыбалды СЫЗДЫҚОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Әжептәуір мәлімет алдым. Ойлаймын, осы қазір өткен сабақтардың көп кісілерге, көп шаруашылықтарға алдағы уақытта еңбекті жақсы, ұқыпты болуы үшін көп әсерін тигізеді деп.

 

Шортанды ауданындағы Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы әуелден-ақ өзінің ғылыми-зерттеулерімен жалпақ жұртқа танылған. Сондықтан семинар осы институт қабырғасында өтіп отыр. Оны ұйымдастыруға«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұрындық болды.

 

Нұржан ӘЛТАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Қазақстанның фермерлерінің деңгейін көтеру үшін, олардың біліктілігін көтеру үшін біз осы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысымен агрокомпетенциялық орталық ашқан болатынбыз. Енді сол агрокомпетенциялық орталық 14 өңірде қазір осындай семинарларды өткізіп жатыр. Біз сол жерде фермерлердің бәрін оқытып жатырмыз.

 

Жыл соңына дейін Қазақстанның барлық өңірінде мұндай 660 семинар өтеді. Нәтижесінде 10 мыңнан астам шаруа теориялық білімі мен тәжірибесін шыңдап алмақ. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығының айтуынша, алдағы жылдары да мұндай семинарлар жалғасын табады.

 

Сурет: www.kursiv.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер