Салық органдары келер жылы елордада өтетін Экспо шарасы кезінде ел қазынасына ондаған миллиард теңге пайда түседі деп болжайды. Бірақ, міндетті төлемдерге көлеңкелі экономика кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, сауда-саттық пен қызмет көрсету нысандарының кіріс көздеріне қадағалау күшейтілді.

 

Есет ҚАРАЕВ, АЛМАТЫ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 

2 жарым миллион саяхатшы келеді деп жоспарлап отыр. Олардың төлейтін ақшасы қолма-қол ақшадан басқа, енді карточкалармен визалармен қолданады. Жалпы есеппен осы Астанамызда 11 мыңнан астам пост-терминал қондырылып отыр.

 

Кәсіпкерлік ортада пос-терминалды орнату осыдан екі жыл бұрын міндеттелді. Егер талап орындалмаса, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бірақ, салық органдары кәсіпкерлерді жауапкершілікке тартпай, бағасы 10 мыңнан басталып, 90 мыңнан аспайтын қондырғыны қолдануға шақырды. Яғни, елордадағы пос-терминалдар саны 25 мыңға жетуі тиіс.  

 

Анастасия ГОНЧАРОВА, САТУШЫ:

 

Әзірше, дүкенімізде пос-терминал орнатқанымыз жоқ. Бірақ, оны алу үшін өтініш білдірдік. Себебі, сатушылар мен сатып алушылар аталмыш қондырғының көмегіне жиі жүгінеді.

 

POS-терминал арқылы кез келген бизнестің кіріс-шығысы жіті назарда болады. Бірақ, оларды кәсіпкерліктің барлық субъектілері орнатуға міндетті емес. Тек, дүкендер, қонақ үйлер, мейрамханалар, қоғамдық тамақтану және көлік жөндеу сынды 14 түрлі қызмет көрсету орындарында кассалық қондырғы болуы тиіс.

 

Әбдуахап МӘДЕНОВ, САУДА ҮЙІНІҢ БАСШЫСЫ:

 

Осыдан бір жылдың өзінде  карточкамен келетін адамдар санаулы болатын. Қазіргі таңда келген адамдардың барлығы сұраныс өте көп. Қазіргі таңда бізде 350 дүкен бар. Соның 50 пайызы жаңағы пост-терминалмен қамтылған. Жыл аяғына дейін 100 пайызға толтыруға әрекет жасап жатырмыз.

 

Жалпы, салық органдары кассалық аппарат пен пост-терминал арқылы кіріс-шығыс мәліметтерін онлайн түрде бақылайды. Сол арқылы көлеңкелі экономикаға жол берілмей, қазынаға қажетті қаржы жиналмақ. 

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер