Қорғаныс министрі халықаралық әскери ойындар алдында барлық қызметтің дайындық барысына бақылау жасады. Иманғали Тасмағамбетов әзірлікті пысықтау үшін «Гвардейск» полигонына арнайы барды. Отарда бірнеше күннен кейін үздік мергендер мен артиллерияшылар арасында халықаралық байқау басталады. Сарбаздардың білім-білігі мен қажыр-қайраты сыналатын, шын мықты шыңдалатын додаға дайындық толық аяқталған. Министр ұйымдастыру штабына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды тапсырды. Еске салсақ, Халықаралық әскери  ойындар  екінші тамыз күні басталады. Биыл, еліміз 13 мемлекеттің өкілдерін қабылдайды.  Халықаралық ойын 23 аталым бойынша өтпек. Қазақстан соның 21 сынағында бәсекеге түседі.

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер