Қазақстанда авто өндіріс қарқыны артып келеді. Елiмiзде жыл басынан берi 36,6 млрд теңгеге 3 772 көлiк шығарылған. Бұндай мәліметті ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында «Қазавтопром» одағының басқарма басшысы Олег Алферов келтірді.  Оның айтуынша , жеңіл көлік шығару көрсеткіші 37%-ға артқан. Қазіргі таңда темір тұлпар иемденем деген қазақстандықтардың 30 пайыздан астамының таңдауы  отандық үлгіге түседі екен. Бүгінде өзімізде құрастырылатын көлік түрлерінің үздік бестігінің көшін Kia, Lada, Hyundai, Skoda және Peugeot маркілері бастап тұр. Сондай-ақ ішкі нарықта жергілікті зауыттарда жиналатын  JAC, Chevrolet, Toyota, SsangYong және Iveco көліктеріне деген  сұраныс жоғары дейді, Олег Алферов.  

 

Олег АЛФЕРОВ, "ҚАЗАВТОПРОМ" ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

2016  жылдың қаңтар айында отандық кәсiпорындар 404 көлiк қана құрастырса, шiлде айында бұл көрсеткiш 1136-ға жеткен. Жыл басынан жеңіл көлікке деген сұраныс 22,5 пайызға артты. Сондай-ақ жүк көліктеріне деген сұраныс та 16%-ға өскендігі байқалады.

 

 

 

Сурет: russian.eurasianet.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер