Кәсіпкерлікті қолдауға арналған "Стартап Болашақ" байқауының екінші маусымы басталды. Оған сан саладағы тың бастамаларымен 18 бен 29 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Жеке ісін ашуға ниеттілердің өтінімдері 23 қыркүйеккке дейін қабылданады. Биылғы жүлде қоры 30 млн теңгеден асады. Жеңімпаз 7 млн. теңгені еншілейді. Сондай-ақ, үздік жоба авторлары инвесторлар мен "Даму" қорының қаржылық қолдауына ие болады. Бұдан бөлек, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы "жасыл экономика" саласындағы стартаптарды іске асыру үшін 15 миллион теңгенің гранттарын бөліп отыр. Айта кетейік, былтыр байқауға 2 мыңнан астам жоба қатысқан.

 

Қаныш ТІЛЕУШИН, "ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Байқауға қатысу арқылы грант алумен жеке ісінің іргесі кеңейген тәжірибелі бизнесмендердің инвестицияларын иемденуге болады. Қатысушылар қаржылық демеуден бөлек кәсіби мамандардың кеңесін тыңдайды.  Жобалар әлеуметтік маңызға ие болуы тиіс. Кең өндіріске шығатын өміршең бизнестті таңдауда жаңа жұмыс орындарының ашылуына басымдық беріледі. Үздіктерді іріктеу ашық түрде жүргізіледі.

 

 

 

Сурет: 7news.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер