Орал қаласында көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді. Оған облыстық әкімшілік полиция басқармасына электронды кезек жүйесін енгізудің арқасында қол жетіп отыр. Бұл жобаға өңір қазынасынан 30 млн-нан астам теңге жұмсалды. Қызмет жасау тәртібі халыққа қызмет көрсету орталығындағыдай. Мамандардың айтуынша,  жаңа жүйе жұмыс сапасын арттырып, келушілер уақытын едәуір үнемдейді.

 

Нұртай ЛЕЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІІД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Электронды түрде мемлекеттік қызметін алу үшін, тіркеуге көлік қою үшін, әкімшілік құжаттарды алу үшін жаңағы айыппұлдарды төлеп келгенде халыққа қызмет көрсетеді. Біріншіден мына тіркеу емтихан бөлімімен әкімшілік тобында осындай электронды түрде системалар ашылып жатыр.

 

Сағидолла ТЕҢІЛБАЕВ, АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қолайлығы-келдік мына документімізді алдықта тапсырдық, карточкасын берді. Сол уақытымызда үнемделеді, очередь бойынша кіреміз болды.

 

Өңірде жол ережесін бұзу бойынша күніне 400-ден астам дерек тіркеледі. Азаматтарға қолайлы болу үшін әкімшілік полиция ғимаратына айыппұл төлейтін терминал орнатылды. Орталықта сот орындаушылары да бар. Енді мұнда көлікті айыппұл тұрағынан шығару үшін төлем жасауға да болады.

 

Олжас ЫБРАЙЫМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІІД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Көрсетілген айыппұл терминал арқылы ИИН арқылы, ЖСН, сонымен қатар автокөліктің мемлекеттік тіркеу белгісі арқылы, сонымен қатар әкімшілік хаттамадағы нөмірі арқылы іздеп тауып төлеуге болады.

 

 

 

Сурет: bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер