Ақтаудағы нан өнімдерін өндіретін зауытты Мәжіліс депутаты Қабибулла Жақыпов аралап көрді. Маңғыстау облысына іс-сапармен келген халық қалаулысы, өндіріс ошағының жұмысшыларымен кездесті. Айта кету керек, аталған зауыт биыл көктемде «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ашылған болатын. «Даму» қоры арқылы алынған несиеге кәсіпкер, ескі ғимаратты жөндеп, жаңа цех орнатты. Қазір мұнда нан өнімдерінен бөлек макаронның 6 түрі шығарылады. Ал, цех тәулігіне 2 тонна макарон өндіруге қауқарлы.

 

Аида МЕНАЖИЕВА, ЗАУЫТ ӨКІЛІ:

Біз ешқандай химия қолданбаймыз. Өнімдеріміздің құрамы ұн мен судан ғана тұрады. Ұнның сапасы өте жоғары. Ал, бағасына келер болсақ, басқа дүкендегі нан өнімдеріне қарағанда біз 5 теңгеге арзан сатамыз.

 

Қабиболла ЖАҚЫПОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл кәсіпорынның Маңғыстау облысының климатына қарамастан, сапалы өнім шығарып отырғаны көңіл қуантады. Қазір бұлар басқа нан жеткізушілерін ығыстырды. Әрі қаншама адамға жұмыс беріп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер