Ақмола облысының жергілікті тәртіп сақшыларына 62 қызметтік темір тұлпар берілді. Су жаңа көлік кілттерін аймақ басшысы салтанатты түрде табыс етті. 62 көліктің 20-сы жол патрульдік полициясына бөлінсе, қалған 42 «Нива» көлігін учаскелік инспекторлар мінетін болады. Шара барысында осыған дейін тәртіп сақшылары арасында өткізілген «Ең үздік полицей» байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Айта кету керек, биыл облыс бюджетінен жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 500 млн теңге қаражат бөлініпті.

 

Жанбай ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл көліктердің көбісі негізінен алыс ауыл-аймақтарға жіберіледі. Себебі, онда осындай қызметтік автокөлік жетіспейді. Бұл – олардың жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді. Көліктерден бөлек бізге жергілікті әкімдік 200 компьютер мен қызметке қажетті байланыс құралдарын әпергелі отыр. Біз де өз тарапамыздан өзімізге артылған міндетті мінсіз атқаруға тырысамыз.

 

Бота САДЫРБАЕВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:

Ішкі істер органдарына осындай көңіл бөлініп жатқаны қатты қуантады. Осындай қамқорлықтан кейін қызметте де тың өзгерістер боларына сенімдімін. Халықтың да үмітін ақтап, ел тыныштығы үшін одан әрі  еңбек ете береміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер