ЭКСПО көрмесіне дейін Астананың барлық қоғамдық көліктері жаңартылады. Бір жыл бұрын Астананың көшелерімен мына автобустар жүре бастаған еді. Осы көліктерді құрастырған зауыт өкілінің айтуынша автобустар тағы бір сынақтан өтті. Сарыарқаның сарышұнақ аязына шыдады. ЭКСПО көрмесіне дейін Елорданың ескі автобустарын осындай жаңасына ауыстыру жоспарланған.   

 

Орудж НАЗАРОВ, АВТОБУС ҚҰРАСТЫРАТЫН ЗАУЫТТЫҢ ӨКІЛІ:

Мұндай халықаралық стандартқа сай автобустар әзірге Қазақстанның өзге аймағында жоқ. Астанадан бастау алып отыр. 358 автобус – бұл бірінші легі. Көліктер қыста да, жазда да сыннан жақсы өтті. Сондықтан, ЭКСПО көрмесіне дейін шамамен тағы 165-200 автобус жеткізсек пе деп жоспарлап отырмыз. Бұның өзі кезең-кезеңмен ескілерін жаңасына ауыстырумен жүзеге асатын болады. Астананың қазіргі автобус парктеріндегі көліктер кемі 8 жыл жүрген. Осы ретте ЭКСПО-ға дейін барлық қоғамдық көліктерді жаңарту маңызды.

 

Отандық өнім импорттық тауарға қарағанда 25 пайызға арзан. Қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов кезек-кезеңмен жүргізілетін жаңғырту жұмыстарының арқасында 2017 жылдың бірінші тоқсанына дейін 587 автобус сатылып алынатынын айтты. Бүгінге дейін қоғамдық көліктердің жалпы бағыты 49-дан 85-ке дейін өскен. Онымен күн сайын 39 елді мекеннен 28 мың жолушы қатынайды. Айта керелігі, қаланың сыртынан қатынайтын ағайынға әкімдік жол жүру ақысына жеңілдіктер қарастырып жатыр.

 

Еділ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жолаушыларға жол ақысын электронды төлеу жүйесін енгізу кезінде қаланың сыртынан қатынайтын адамар үшін көліктік аймақтарға бөлу арқылы тарифті қарастыратын боламыз. Бұл өз кезегінде тарифтің түрлері мен олардың санын 25-тен 5-ке дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Ал, сырттан қатынайтындар үшін бұл тарифтік жүйе 44 теңгеге дейін үнемді болмақ. Электронды төлеу картасы бар жолушылар қала сыртына қатынайтын автобустардан қала ішіндегі қатынайтын және экспресс автобустарға отыру тегін болады.

 

 

 

Сурет: auto.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер