Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры активтері қоржынының құны 6 трлн. тенгеден асып жығылады. Бұл қаражат ең әуелі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалады. Шетелдік қаржы нарықтарына инвестициялау үшін шетелдік валюта сатып алу да жоспарда бар. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктердің қаржы құралдарын инвестициялау да қор активтері есебінен жүргізілмек. Бүгінгі таңда қоржындағы мемлекеттік бағалы қағаздар үлесі 44 пайызды құрайды. Ағымдағы жарты жылдықта, қордың инвестициялық табысы 260 млрд тенгеден сәл асты.  

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер