Келер жылдан экспорттаушылар мен импорттаушылардың кедендік рәсімдеу тәртібі «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі. Журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері осылай деп мәдімдеді. Жаңашылдық бірінші кезекте сырт елдермен алыс-беріс кезіндегі қағаз бастылық пен  рәсімделуге жұмсалатын уақыт пен жол машақатын шешу үшін қолға алынған. Автоматтандырылатын  жүйе 1 күннің ішінде кедендік тіркеуден өтуді қамтамасыз етпек. Бар мәлімет орталық деректер базасына құйылады. Бүгінде бұған қажетті 50-ге тарта рұқсат құжаттары  біршама қысқартылмақ.

 

Жанат ШАИМОВ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Сыртқы экономикалық істермен айналысатын тұлға құжаттарын рәсімдеу үшін түрлі ведомствалардың табалдырығын тоздырмайтын болады.  Енді бұған қажетті бар әрекетті жаңа жүйе арқылы бір жерден тындыру үшін мүмкіндік жасалмақ. Сауда-саттық жүргізуге қатысты  бар ақпарат пен қадағалаушы органдардың рұқсат қағаздары ортақ деректер базасында тіркеледі. Бұл импорт, экспортпен қатар транзиттік жүктерге де қатысты болмақ.  

 

Сурет: www.kursiv.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер