Жаңа оқу жылынан бастап елордалық 1-сынып оқушылары толық 5 күндік білім беру жүйесіне көшеді. Ал орта және жоғары сыныптардың бес күндік оқуға көшуі кезең-кезеңімен 2019 жылға дейін жүргізілетін болады. Астана қалалық білім басқармасының басшысы  Қасымхан Сенғазы бүгін журналистермен кездесіп, жаңа оқу жылына дайындық жөніңде баяндады. Биыл елордада 2 мектеп пайдалануға берілмек. Үш ауысымда білім беретін және апатты жағдайдағы білім ордалары елордада мүлдем жоқ. Мектептерді оқулықпен қамту мәселесі де биыл 100 пайыз шешімін тапқан. Яғни, елордалық ата-аналар ктіап сатып алып шығынданбайды. Ал, мектептер мұндай талап қойған жағдайда, басқарма басшысы дереу хабар беруді сұрайды. 

 

Қасымхан СЕНҒАЗЫ,  АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Қазір бүкіл баспалар ол оқулықтарды басып шығарды. 10тамызға дейін қалаға бүкіл оқулықтар жеткізілетін болады. 10тамыздан бастап барлық мектептерде сынып жетекішлері арқылы таратылатын болдаы. Уақыттарын кетіріп, дүкендерге барып кезектің соңында тұрудың қажеті жоқ.

 

Сурет: today.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер