Елімізде ұлттық геоақпараттық жүйе құру жоспарлануда. Егер бастама сәтті жүзеге асса, мемлекеттік қызметтің тағы бір түрін автоматтандыруға мүмкіндік бар. Яғни қазір жер телімін тіркеу үшін топографиялық сурет шығарып, оны бірнеше жерге растату қажет. Ал жаңа жүйе іске қосылған жағдайда, бұл қызметті онлайн режимде жылдам толтыруға болады. Оның барлығы спутниктік бақылау арқылы жүзеге асады.    

 

Қуат САҒАДИЕВ, ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ:

 

Үйде отырып-ақ электрондық карта арқылы аумақтардың спутниктік кескінін алуға болады. Бұл жәй ғана Google Maps емес, мұнда әр ғимарат пен салынып жатқан құрылыстардың жобалары туралы да нақты ақпарат алуға мүмкіндік бар.

 

Алайда жаңа жоба нақты қашан іске қосылатыны белгісіз. Бір анығы тың жүйе мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Бүгінде бұл саланы жетік меңгерген кореялықтар өз білгендерімен бөлісуде. Бұл ел осы жобаны әлем бойынша тұңғыш болып енгізген.      

 

Сурет: www.theregister.co.uk

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер