Алматы қаласының мерейтойына орай «Менің қалама – мың жыл» атты суретшілердің конкурс-пленэрі өтеді. Қылқалам шеберлері бір апта бойы ашық аспан астында жұмыс істейді. Байқаудың қорытындысына дейін 12 қылқалам шебері қаланың көрікті жерлері мен таулы пейзаждарын қағаз бетіне түсіруі қажет. «Плэнер - суретшілер арасында тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік береді» - дейді ұйымдастырушылар.  8 тамыз күні байқау аясында салынған суреттердің көрмесі өтеді. Қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін арнайы қазылар алқасы бекітілді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық қарастырылған. Жүлде қоры 1 миллион 850 мың теңге. Ал суретшілер жұмысқа кіріспей тұрып тарихшылармен кездеседі. 

 

Ләззат САҒЫНДЫҚОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 

Қатысушыларға лекция өткіземіз. Ол жерде біздің тарихшыларымыз, белгілі ғалымдарымыз суретшілерді осы Алматы қаласының тарихы туралы жаңағы өздерінің мәлімет беретін болады.

 

Арсен ДӘУІТБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 

Далада салғанның мастерскойда салғаннан айырмашылығы бар енді әрине. Себебі күн былай шығады да, былай өтеді. Күннің өзі. Сосын көлеңкелер. Бірақ енді оның бәрі келе-келе опытпен келеді ғой.

 

Сурет: whot.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер