Сеулде Ақтөбе облысы және Оңтүстік Корея компаниялары арасында ынтымақтастық жөнінде бірнеше меморандумдарға қол қойылды.

 

Бердібек САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 

Соңғы жылдары біздің мемлекетіміздің дамуына үлес қосып кел жатқан осы мемлекеттің өзі ғана Қазақстанға 4,5 млрд доллар инвестиция тартты. Біздің елде бүгінгі Оңтүстік Кореяға келгендегі мақсатымыз, осы Кореяның үлкен компанияларының қаржыларын Ақтөбе өңіріне тарту. Әсіресе мұнай-газ саласында, металлургия саласында, коммуналдық салада, медицина саласында.

 

Хонг ДОНГ ПХЁ, АҚПАРАТТЫҚ ҚАТЫНАС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Ақтөбе облысының аумағы өте үлкен және бұл жерде коммуникация мен логистикалық байланыстардың маңызы зор. Ал, біздің компания байланыс және логистика саласында Кореяда алдыңғы орында тұр және  біз аталған өңірдің дамуында өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.

 

Медицина, көлік және логистика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ақпараттық коммуникациялар, және, әрине, мұнай-газ өнеркәсібі. Бұл Ақтөбе облысы әкімімен  кездесу барысында оңтүстіккореялық кәсіпкерлердің қызығушылық танытқан салалары. Әсіресе, оларды біздің елдегі салықтық жеңілдіктер, нарықтың кеңдігі және қауіпсіздік пен кепілдік қызықтырып отыр.

 

Ғалымжан ЕЛЕУОВ, МЕДИЦИНАЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

Бүгін денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және металл өнеркәсібі саласындағы меморандумдарға қол қойылды.  Олардың басым бөлігі Ақтөбе облысы әкімдігі арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орнату бағытындағы жобалар. Бұл бастама кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндік.

 

Бұған қоса өңір басшысының сапары барысында, Қазақстанда жұмыс істейтін мұнай компаниялары жетекшілері мен кездесу болды. Тараптар мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, қара алтын өндіру көлемін бір деңгейде сақтауға және қосымша инвестиция тарту жөнінде келісімге келді.

 

Сурет: ratel.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер