Оңтүстік Қазақстан облысының орталығынан шалғайда жатқан ауыл тұрғындары енді әуе жолы арқылы қатынауы әбден мүмкін. Қазір жергілікті әкімдік канадалық ірі ұшақ құрастырушы компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Екі жақты әріптестік байланыс аясында шетелдік компания шағын әуе кемесін Шымкентке алып келіп таныстырды. 19 адамға арналған әуе көлігі жолаушылармен қатар, жүк те таси алады. Құтқару операциялары мен медициналық сипаттағы тасымалдау жұмыстарына таптырмас құрал. Өйткені ұшақ жерге де, суға да қона алады. Екі тарап келісімге келе алса, алғашқы рейс Шардара ауданына ұшырылмақ. Себебі онда ұшып-қону жолағы болған. Бұл аудандағы жағажай туризмін дамытуға сеп болады. Алматыдан алғашқы жолаушылар қатарында ұшып келген осы өңірдің тумасы техниканың қолайлы екенін айтады. 

 

Абирбек МАМЕКОВ, ЖОЛАУШЫ:

АН-2 деген самолет ұшқан бізге келіп қонып тұратын. Енді қазіргі уақыт өзгеріп кетті ғой. Сондықтан ол жерге мынандай самалет барса ол жақсы болар еді. 19 адам сияды деп жатыр жақсы ғой ол енді.

 

Мұхтар ҚОҚАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өкілдің түсіндіруінше ішкі құрылымы өзгере береді. 19 адамның орнына 5-еуін қалдырып, жүк артуға да болады. Өте ыңғайлы. Біздің табиғатқа Қазақстанның географиялық жағдайына бейімделген ұшақ. Осы жұмыстарды ары қарай жалғастыратын болсақ, біздің облысымыздың шалғай аудандары осындай авияцилық қатынаспен қамтамасыз етілетін болады.

 

 

 

Сурет: izvestia.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер