Италия мен Оңтүстік Корея "ЕХРО-2017" көрмесіне қатысады. Елордада қос мемлекет комиссары «жасыл энергетика» саласындағы тың жетістіктерін дүниежүзілік шарада таныстыру туралы құжатқа қол қойды. Басқосу барысында тараптар жаңартылған энергия көздері жайлы пікір алмасты. Ал Италия комиссары Стефано Раваньян "ЕХРО" көрмесін өткізген мемлекет ретінде оң тәжірибесін ортаға салды. Айта кетейік, бұл ел қажетті энергияның 38 пайызын табиғи тәсілмен өндіреді. Ал Оңтүстік Кореяда бұл көрсеткіш сәл аз болғанымен, қоқыстан да қуат алып отыр. Оның үстіне, бұған дейін екі бірдей ЕХРО көрмесін өткізді. Сөйтіп, келер жылғы шараға 94 мемлекет ресми түрде қатысатынын растап, 56-сы келісім-шартқа қол қойды. Бұл тізім жыл аяғына дейін 100-ге жетуі тиіс.

 

Стефано РАВАНЬЯН, ИТАЛИЯНЫҢ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Былтыр Италияда ЕХРО көрмесі "Азық-түлік қауіпсіздігі" тақырыбында өтті. Келер жылы Астанадағы ЕХРО-да энергия мәселелері көтеріледі. Бұл екі тақырып бүгінде өзекті. Негізі осындай ұлық шараны ұйымдастыру көп еңбекті талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.

 

Чо ЕНГ ЧОН, КОРЕЯНЫҢ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Соңғы 40 жылда Оңтүстік Корея индустрияландыруды дамыту мәселесіне баса назар аударып отыр. Енді біздің үкімет басқа да салаларға ден қоюы керек деп санаймын. Бұл - жаңа технологиялар, ғылым, баламалы энергия көздері, оның ішінде күн және жел энергиясы. Сол себепті біздің компаниялар Астанадағы ЕХРО арқылы шетелдік әріптестеріне өзінің тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетуге үмітті.

 

 

 

Сурет: expo2017astana.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер