Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Монғолияның Баян-Өлгей аумағында селден зардап шеккен қандастарымызға гуманитарлық көмек жіберді. Көрші елдегі қандастарымыздың қазіргі ахуалы әкімдіктегілерді де бей-жай қалдырған жоқ. Олар бір күндік жалақыларын аударды. Қайырымды іске кәсіпкерлер де үн қосты. Қолы ашық, жаны жомарт жандардың арқасында 7 тоннадай ұн,1 тонна макарон өнімдері,  5000 мың дана шұлық жиналды. Бес отбасыға баспана салып беру үшін қажетті  құрылыс материалдары сатып алынды. Сонымен бірге, азық-түлік пен киім-кешек тиелген жүк көлігі Моңғолияға жолға шықты.  Еске салсақ, Баян-Өлгейде толассыз жауған жауынның әсерінен Қобда өзені арнасынан асып, жағалауындағы 100-ден астам үй мен қора-қопсыны шайып әкеткен еді. Нәтижесінде 700-ден астам адам баспанасыз қалды. Бұл жолы жөнелтілген қайрымдылық көмегі сол азаматтарға жеткізіледі.

 

Абай АҢДАБАЕВ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің қандастарымыздың болып жатқан жағдайына оңтүстіктің жастары бей-жай қарай алмадық. Сол себепті де облыс тұрғындарына үндеу жарияладық. Онда барлық нәрсе көрсетілді, нақтылап айтылды. Сол себепті де біз қандастарымызға көмек көрсетуге бел будық.

 

 

 

Сурет: www.ugluu.mn

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер