Қазақстандық ғалымдар жапондық әріптестеріне Фукусима атом электр стансасындағы апатты жоюға көмек бермек. Бұл саладағы маңызды тәжірибелердің бірі - кориум қорытпасын зерттеу мен оның қоршаған ортаға әсері. Қазір отандық ғалымдар ядролық реакторға арналған жаңа жабын әзірлеп жатыр. Ол аталмыш қорытпаны ұстап қалу үшін аса қажет. Бұл зерттеу жұмыстары апатты жоюға ғана емес, келешекте оның алдын алуға да септігін тигізбек. Айта кету керек, қазақстандық ғалымдар жапондық ғалымдармен қатар Франция, Ресей және АҚШ әріптестерімен де қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. 

 

Ерлан БАТЫРБЕКОВ, ҚР ҰЯО БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз белсенді аймақтағы балқыған кориумдарды өңдейміз. Ондай қорытпа қазіргі таңда Фукусимадағы апатты реакторда бар. Біз оны өз шартымыз - реактор шарты бойынша және реактордын тыс ерітеміз. Физикалық, химиялық құрамына қараймыз. Жапондық әріптестеріміздің апаттың зардаптарын жою үшін белгілі бір ұсыныс жасаймыз.

 

 

 

Сурет: blog.al.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер