Мақтаралдық шауарлар алғашқы жиын-терінде-ақ 150 мың тонна қауын-қарбыз жинады. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Өнім саудаға шығарылып үлгерді. Басым бөлігі Ресей мен Беларусь аумағына жөнелтілген.

 

Ердәулет ҚАЗЫБЕКОВ, ДИҚАН:

Бұл Жиенбай қауынының бір жақсы жері дәмі тәтті, жолға бейімді, ұзақ жолға шыдай береді. Және коробкаға сыйымды. Бір коробкаға 5-6 қауын сияды.

 

Мырзашөлдік диқандар қауын-қарбыздың 100 мың тоннаға жуығын Кедендік одақ елдеріне жіберіпті. Ол жақтан сұраныс жыл сайын артып келеді.

 

Станислав КАСПАРОВ, КӘСІПКЕР:

Мақтаралды қауынның отаны деп санаймыз. Бұл жердің қауынының дәмі ерекше. Сол себепті де Мәскеу мен Минск қалалары осы жердің қауынына тапсырыс береді. Осы жерден жеткізіп тұрамыз.

 

Биыл ауа райының ыңғайы мен нарықтың жағдайы мақтаралдық диқандар үшін дұрыс болып тұр. Өнімділік жақсы, баға біршама қымбат және көрші мемлекеттердегі валюта бағамы біздің сол жақта сатуымызға тиімді.

 

Оразалы БАҚТИЯРОВ, ДИҚАН:

Былтыр 15-20 теңгеден өткізген күндеріміз болған. Биыл, қазір, 90-100 теңгеден килосы. Жақсы қауын, сортталған қауын, коробкаға салынғаны 90-100 теңгеден болып жатыр.

 

Ресей мен Белорусьқа күніне қауын тиеген 20 шақты көлік кетеді. Соларға арнап логистикалық орталық салынып жатыр.

 

Жамантай БЕЙСЕНБАЕВ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мұның жанында 5 мың тонналық қойма болады. Сосын, келген адамдардың жататын жері болады. Одан басқа бұлардың барлық құжаттарын рәсімдейтін пункттің құрылысына жоба жасадық. Биыл оның құрылысын бастаймыз.

 

 

 

Сурет: khabar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер