Лондон мэрі Садик Хан Шымкент пен Лондон қалалары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жайлы ниет білдірді. Бұл жайлы британдық астанасының мэрі Ғабидулла Əбдірахымовқа жіберген телеграммында айтылған, деп хабарлайды Қазақпарат.

 

Ынтымақтастықтың маңызды бағыты - «ақылды қала» технологияларын дамыту  мен мегаполистің тұрақты дамуы болып табылмақ.

 

Естеріңізге сала кетсек, Садик Хан 2016 жылдың 9 мамырында Лондон мэрі болып тағайындалды. Ол əріптестерінің арасында қызмет тəртібінің жоғары деңгейді болғандығымен, дипломаттылығымен танымалы. Бүгінгі таңда Лондон, 8,6 млн халқымен, əлемдегі ең ірі мегаполистердің қатарында. Тек қана туризм саласынан жылына 200 млн доллар көлемінде пайда көреді.

 

 

 

Сурет: ukrtransinvest.ucoz.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер