Субсидия, балық шаруашылығы мен су тұтыну бойынша мемлекеттік дотациялар, шағын шаруашылықтардың өнімін өткізу кезіндегі қиындықтар. Осы және өзге де өзекті мәлелелер жайлы Атырау облысының фермерлері Ауыл шарушылығы министрі Асқар Мырзахметовпен кездесу кезінде талқылады. Соңғы 4-5 жылда Атырау өңірінде егістік көлемі ұлғайып, мал басы көбейді. Көптеген шаруашылықтарда озық технологиялар пайда болып, мал басы асылдандырыла бастады. Мемлекет тарапынан бөлінген қомақты қаражат пен түрлі жеңілдіктер саланы сауықтыруға оң ықпал етуде. Дегенмен, мұнайлы өңір фермерлерінің алдында тұрған тағы бір күрделі мәселе бар. Ол - шағын шаруашылықтардың өнімін өткізуге қатысты түйткіл. Сол себепті өнім өндірушілер ауыл шаруашылығы қооперациясынан үлкен үміт күтеді.

 

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

 

Қалай коопертив құрылады, оның қандай құжаттары бар? Біз барлығын жаса қойдық. Қарапайым тілмен. Анадай керемет 10-15 парақ емес, 2-3 парақпен түсінікті тілде. Уставы басқасы бар, протоколын жасап оның бәрін ауылдағы әкім халықты ауданға, облысқа сандалтпай, сол жерде қағаздың бәрін рәсімдеп береді. Ал біз өз тарапымыздан берілетін қолдауы бар, молоковозы бар, қалған дүниенің бәрін біз мына жерде лизингпен құрылатын кооопертивке есептеп бергелі отырмыз.

 

Сурет: kaz.tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер