Семейлік дәрігерлер италиялық әріптестерінің тәжірибесімен танысты. Жақында жергілікті медициналық орталықта жүрекке жоғары технологиялық операция жасалды. Катани қаласынан келген профессор Альфредо Галласидің отандық хирургтармен бірлесе отырып бес науқасқа жасаған операциясы сәтті аяқталды. Шеберлік сабағында көрсетілген әдістің ерекшелігі бар. Операция жамбас бөлікті тесіп, қан тамыры арқылы жүрекке апаратын құрылғы арқылы жасалады. Айта кетейік, мұндай операция Алматы және Астана қалаларының кардиологиялық орталықтарында жасалады.

 

Бекен ҚАСЫМОВ, НАУҚАС:

 

Италиядан келген дәрігерлер мен өзіміздің дәрігерлер қосылып, жүрек тамырын тазалады. Қазір халім өте жақсы. Өзімді жақсы сезініп жатырмын. Ақ халатты абзал жандарға алғысымды айтамын.

 

Раушан ҚИҚЫМБАЕВА, СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Мамандар осы операцияларды жүргізіп, біздің дәрігерлерге көрсетіп, біздің дәрігерлер үйренді. Әрі қарай өзіміз, өзімізідің медициналық орталығымызда көмек көрсетіп, емдейміз деп ойлаймын. 

 

Сурет: www.gormed.su

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер