Ақтауда Каспий жағалауына Қазақстандағы ең ірі шипажай-қонақүй кешені салынып жатыр. 2018 жылдан бастап еліміздің тұрғындары мен қонақтары теңіз жағасында ем қабылдап, төрт жұлдызды қонақжайда демала алады.

 

Татьяна МЕНЬШИКОВА, ТУРИСТ:

 

Жап-жақсы қызмет көрсетіліп жатыр. Мен туризмді дамытып, отбасылық демалысты дәл осы Каспий жағалауында өткізушілерді қолдаймын. Келешекте бұл теңіз аймағы бұдан жақсара түседі деген ойдамын. Отандық туризмді қолдауға шақырамын. 

 

Каспий жағалауындағы қонақүй кешені 10 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Бастапқыда  бұл жер суға түсуге арналған жағажай болатын. Ал оны кеңейтуге келгенде түркиялық сарапшылар 5 гектар жерді игерудің тұжырымдамасын жасаған. Қазір мұнда қонақүй, мейманхана тұрғызылып қойған. Кешен замануи үлгіде әрі  талғамға сай етіп салынуда. Емдік шаралар және косметологиялық қызмет көрсететін 400 адамға есептелген жоба 2018 жылы аяқталады. Бұған мемлекет қолдау көрсетіп отыр. «Даму» қоры арқылы 650 миллион теңге бөлінген. Бұл 2 кезеңде жүзеге асырылмақ.

 

Әсел ӘБДІКӘРІМОВА, ТУРИСТІК КЕШЕННІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

 

Жоба ішкі туризмді жалпы өңір үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Оны жүзеге асыруға мемлекет қолдау көрсетіп отыр. Маңғыстау облысындағы туризмнің келешегі зор. Кәсіп өз шығынын бірден ақтап кетпесе де, түбі ақтайды. Кешенге жергілікті тұрғындардан сұраныс көп. Қазақтанның өзге өңірлері мен жақын шетелдерден де келушілер бар. Қазір қонақүйдің бәрі бос емес, орын жоқ. Келушілерді қабылдау алмай отырмыз.

 

Әсел Әбдікәрімова туризм саласындағы кәсіпте 10 жыл тәжірибесі бар. Оның айтуынша, Маңғыстау өңірінде туризм маусымға тәуелді емес. Мұнда жыл он екі ай бойы демалуға болады. Теңіз жағалауында этнотуризмге де жол ашық. 5 қабатты шипажай құрылысы аяқталған соң емдік туризм де жандана түспек. 200 адам жұмысқа тартылады деп күтілуде.  

 

Сурет: www.diapazon.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер