Астанада білгірлер бәйгесі басталды. ТМД төңірегіндегі ең үздік зияткерлер арасында "Не? Қайда? Қашан?" 2-ші Еуразия кубогы өтіп жатыр. Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Украина және өзге де елдердің 40 тобы бас жүлде үшін бақ сынауда. Көпшілікке танымал телебағдарлама ойынынан бөлек, қатысушылар брейн-рингте өз біліктіліктерін көрсетуі тиіс. Ұйымдастырушылар, мұндай білім жарысы Қазақстанда интеллектуалды ортаны қалыптастыруға серпін беретінін айтады. Былтыр, бұл дода алғаш рет Алматыда өткен болатын. 

 

Бауыржан БЕКТЕМІРОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 

Жастар арасында инттелектуалды өмір салтын қалыптастырғымыз келеді. Кез келген қатыса алмайды. Әр саладан хабары, білімі болуы қажет. Осы чемпионатта топ жарғандар Ереванда өтетін халықаралық жарысқа жолдама алады. 

 

Сурет: bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер