Жер саясатының темірқазығы - жер мониторингі. Елімізде жер сапасын бақылау жүйесі жетілдірілмеген. Бұл туралы Жер роформасы жөніндегі комиссияның Атыраудағы отырысында  Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық универститетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, көпшілік шаруақожалықтарында жердің төлқұжаты жоқ.  Оған қоса 2003 жылы бекітілген жердің бағасын бекіту әдістемесі әлі күнге өзгермегенін алға тартты. Ал, дамыған елдерде бұл көрсеткіш әр 3-5 жыл сайын жаңарып отырады екен. Күрішбаев осы кемшіліктерді жою арқылы, жерді тиімді пайдаланудың жолын табуға болатынына сенім білдірді.

 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Осыған байланысты жердің нақты салықтық бағасына қатысты көптеген сұрақтар туындауда.  Елімізде кейбір құнарсыз жерлердің салық мөлшері құнарлы жерлердің салық бағасынан қымбат. Ал, кейбір аймақтарда жайылым жерлердің бағасы егістік жерлерден қымбат.  Жерді дұрыс бағалау жүйесін қалыптастыру үшін тиісті мамандар болуы керек. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы министрлігіне жер мониторингі функциясы берілген. Бірақ, оны атқаратын тиісті мекеме жоқ.

 

Ал саясаттанушы Айдос Сарым комиссияның 4 жұмыс тобын біріктіру керек деді. Олар 25 адамнан үшке бөлініп, өңірлерді араласа, тамыздың соңына дейін біраз өңірді қамти алатынын айтады. Осылайша, көпшілік көкейіндегі өзекті тақырыпты талқылауды қорытындылау қажет. Ол алдағы айдың аяғына дейін нақты шешімдер дайындауды ұсынып отыр.

 

Айдос САРЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:

25 адамнан үшке бөлiнiп, араласақ, тамыз айының соңына дейiн бiраз жердi аралап өтуге болатын сияқты. Менiңше, мұны көпке созбай жасағанымыз дұрыс. Бiзде төрт жұмыс тобы бар. Қарап отырсақ, олар бiр мәселенi қарастырып отыр. Менiң ойымша, бiр топ құру керек. Оның iшiне 7-8 адам кiрсiн. Заңды да, нақты ұсынысты да 75 адам дайындамайды. Сондықтан 7-8 адамды жұмыстан босатайық. Ақылбек Күрiшбаев пен Мұхтар Тайжанды тең төраға қылып, бiр топ жасайық. Олар Астанада отырып, жұмыс жасай берсiн, ал бiз өңiрлердi аралап, көрген-бiлгенiмiздi осы азаматтарға жеткiзiп отырсақ.

 

Еске сала кетейік, күні кеше Президент үкімет басшысы Кәрiм Мәсiмовты қабылдап, жер реформасы жөнiндегi комиссияның жұмыс нәтижесiн ұсынуды тапсырған еді.  Енді осы және басқа да маңызды мәселелер тамыздың соңында өтетiн Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында қаралады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер