Шығыс Қазақстан облысы сүт өнімдерін өндіру бойынша  елімізде үшінші орында тұр. Дегенмен кәсіпорындар 35 пайыз ғана шикізатпен қамтылып отыр. Олқылықтың орнын толтыру үшін  өңірде 37 сүт-тауарлы ферма құрылысы басталып оның 13-і қолданысқа берілді.  Мәселен осы күзде  Зырян ауданы Бородина ауылында осындай кешен өз жұмысын бастамақ.

 

Қайрат БӨКЕЖАНОВ,  ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Қазір мал шаруашылығын дамыту үшін қолданғалы отырған бұл баз  20 жылдай қаңырап бос тұрған. Енді осыны толықтай күрделі жөндеуден өткіземіз. Бұл жерде 400 бастай мал тұратын болады, алдағы уақытта 200 бас мал сиятын  тағы бір баз салмақ ойдамыз.

 

Жалпы жөндеу жұмыстарына 160 миллион теңге жарату жобаланса, оның 55 миллионы игерілді. Құрылыс әлі де жалғасуда.

 

Ольга БОРОДАВКИНА, БРИГАДИР:

Мені шаруашылықтың кеңейіп келе жатқандығы қатты қуантады. Ал ескі нысанның жөнделіп іске жарағаны тіпті тамаша болды. Бұны  ойдағыдай аяқтарымызға  сенімдімін.

 

Ферма іске қосылған соң өңірдегі сүт өндірісі 2,5 есеге, яғни тәулігіне 4,5 тоннадан 12 тоннаға дейін артады. Тағы 17 жаңа жұмыс орны ашылады. Жастарды жұмысқа тарту үшін мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша  екі пәтерлі баспана құрылысы басталады. Өйткені аталған ауылда қазір бос  үй жоқ.

 

Мамай БҰТАБАЕВ, ЗЫРЯН АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

5 екі пәтерлі үйлер,он адамға он отбасыға арналған. Оның 90 пайызын  үкімет төлесе, 10 пайызын осы шаруашылық төлеп отыр.

 

Айта кету керек, осыған дейін жазда егінмен айналысқан жұрт қыс бойы жұмыс таба алмай жатып қалатын. Енді мал шаруашылығы қарқын алса, ауыл-аймақ тұрғындары жыл бойы тұрақты жұмыспен қамтылады.

 

 

 

Сурет: bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер