Алматы облысында «Батыс-2016» көпсатылы жедел-тактикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оған шекара қызметінің барлық бөлімшелері, шекара авиациясы және түрлі әскери техникалар қатысты.

 

Алдын-ала дайындалған сценарийге сәйкес қаруланған топ мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болады. Жасақтың міндеті сол шартты жаудың бетін қайтару.

 

Арман КӘРІБАЖАНОВ, ҮШАРАЛ ШЕКАРА ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ДЕСАНТТЫ ШАБУЫЛДАУШЫ ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі болып жатқан оқу-жаттығу тактикасы жеке құрамның шыңдалуын және техниканың қандай жағдайда, қандай мәселеде соғысуға болатынын көрсетіп, дайындап отыр.

 

«Батыс-2016» тактикалық жаттығуларын өткізу жыл басында жоспарланған. Бұл іс-шараға биыл шекарашылармен бірге алғаш рет Ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігінің құрылымдары да қатысып отыр.

 

Дархан ДІЛМАНОВ, ҚР ҰҚК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ-ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Оқу-жаттығудан байқағанымыз үш ведомство арасында байланыс бар. Енді біз соны одан ары күшейтуді жоспарлап отырмыз. Кез-келген жағдайда біз дербес және бірге жұмыс істей білуіміз қажет. Яғни, әскери құрылымдар бір-бірін өзара толықтырып отырулары тиіс.

 

Шекара қызметі директорының айтуынша былтыр шекаралық кеңістікті бұзудың 15 мыңға жуық фактісі тіркелген. Ал Қазақстан мен Қытай шекарасының таулы аймағында 200 заң бұзушылық болып, 1 тоннаға жуық дәрілік шөп тәркіленген. Сондықтан, офицерлер үшін осындай тактикалық жаттығулардың  пайдасы мол.

 

 

 

Сурет: newskaz.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер