Қазақстан мен Беларусь арасындағы алыс-беріс былтыр 38 пайызға төмендеді. Көрсеткіштердің кері кетуіне әлемдік дағдарыспен қатар, энергоресурстар бағасының құлдырауы ықпал етуде. Үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысында тығырықтан шығудың бірнеше жолы ұсынылды. Біріншіден, мұндағы «Гомсельмаш» зауыты мен Қостанайдағы «Агромашхолдингі» келесі жылдан бастап, біріккен кәсіпорын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

 

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Бүгін Агромашхолдинг 300 комбайын жинайтын болса, жылдың соңына дейін 600-ге дейін жеткізетін мүмкіндігіміз бар. Ал, бірақ оған бізге машинокомплект керек. Бүгінгі кездесу бойынша, осы машинокомплек жылдың сонына дейін бізге беріледі. 500-600 комбайын шығаратын боламыз. Алдағы уақытта біз мыңға дейін апара аламыз.

 

Василий МАТЮШЕВСКИЙ, БЕЛАРУСЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Қазақстандық әріптестерімізге конструктивтік диалог үшіналғыс айтамыз. Бір күнде 20-ға жуық мәселе талқыланды. Екі жақ та бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастықты арттыруға ынталы.

 

Бірлескен кәсіпорын ашу туралы шешім Семейдегі трактор құрастыратын және Алматы облысындағы автозауыттың өндіріс ауқымын ұлғайтуға да негіз болмақ. Сондықтан, қазақстандық дегегация Гомсельмашзауытына барып, оның жұмысымен тереңірек танысты.

 

Александр КАМКО, «ГОМСЕЛЬМАШ»ААҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

Біз машинокомплектілерді шығарамыз. Сонымен қатар, Қазақстандағы зауыт мамандарының біліктілігін арттыру жұмыстарына атсалысамыз. Қызмет көрсету бойынша арнайы бірлескен бригадалар бар. Бүгінгі күні агромашхолдингтің қызметкөрсету желілері де жетерлік.

 

Қант қызылшасы және жүгері өндірісін бірлесіп дамыту көзделуде

 

Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының12 отырысында бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев - агроөндірістік кешен ел экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналуы қажет екендігін айтты. Және осы орайда қант қызылшасы және жүгері өндірісін бірлесіп дамытуды ұсынды.

 

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Өзімізде бұрын қант қызылшасын көп өсіріп келдік Алматы, Жамбыл облыстарында. Бізде бірақ, әртүрлі себептермен бүгін қайтадан қалпына келтіріп жатырмыз. Осыған байланысты біз Беларуссиядағы әріптестерімізге айтып жатырмыз. Бізге келіп, әріптестік құрып, осы саланы қайтадан жолға қойып бастайық деп. Бұған қосымша жүгері өсіруді.

 

Бұл бастама ауыл шаруашылығы техникасына деген сұраныстың ұлғаюын қамтамасыз етпек. Бастапқыда көлік бөлшектерінің дені Беларусь елінен тасымалданғанымен, уақыт өте келе қазақстандық үлесті арттыру көзделген.

 

Сурет: ortcom.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер