Атырау облысындағы шаруа қожалықтарының бірі сүт пен шұбатқа қоса құтыға құйылған саумал мен қымыз өндірісін қолға алған. Мұнда 500 бастан астам жылқы бар, оның тең жартысына жуығы аналық. Егер сұраныс мол болса, байлайтын бие санын көбейтеміз дейді жылқышылар.     

 

Асхат ИМАНБАЕВ, ЖЫЛҚЫ ФЕРМАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 

Қазіргі таңда 15 бие байлап, сауып отырмыз. Күніне 60-70 литр қымыз өндіреміз сұранысқа байланысты. Жалпы алға қарай сұраныс болып жатса бие санын 40-50 ге дейін жеткізуге болады. Жалпы өзіміздің 200 бас аналық биеміз бар.

 

Қымыз шаруашылықтың сүт өңдеу цехында дайындалады. Табиғи таза өнімге сұраныс артқан. Сусын әзірге құтыларға қолмен құйылады.   

 

Гүлжан ҚОШМАҒАМБЕТОВА, ҚЫМЫЗ ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫНЫҢ ТЕХНОЛОГЫ:

 

Қымыздың үш түрі болады. Бірінші  жәй ғана ашыған түрі, екінші орташа ашыған, үшіншісі қышқылдылығы жоғары. Мысалы біріншісінің қыышқылдылығы 40-60 пайыздың арасында болады, екіншісі 60-100 дің аралығында болады, ең күшті ащы деген қымызымыз бұл 100-140 кислотностың аралығында болады.

 

Бұл шаруашылықтың сүт-тауарлы фермасында тәулігіне 8 тонна сүт өңделіп, оншақты түрлі дайын өнім шығарылады. Оған қоса түйе фермасында жылына 80 тонна шұбат өндіріледі. Жалпы сүт өнімдері бойынша облыс қажеттілігінің 40 пайызын қамтиды. Енді қымыз қосылды. Ішкі нарық қана емес болашақта экспортқа тауар шығаруды да жоспарлап отыр.  

 

Аманжол ЕСҚАРИЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Өзіміздің Қазақстан болсын алыс шетел болсын осыларға жібергіміз келеді. Сондықтан қазір жылдан-жылға сұраныс көбейіп келе жатыр бізден осыған дайындалып жатырмыз. Енді алдағы уақытта түйенің биенің сүтінің емдік қасиетін ғалымдар айтып жатыр, сондықтан қызығушылық көп. Себебі осы натуральды тамақтан адамдардың денсаулығына пайдасы бар деп есептеп отырмыз.

 

Сурет: 7kun.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер