"Қазагро" холдингі еліміздің бірқатар облыстарындағы ауыл шаруашылық кооперативтеріне қаржылай қолдау көрсетуде. Бұл туралы компания өкілдері  баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Мекеме өткен жылы 2, ал биыл 10 өңірлік астық кооперативінің жобасын қаржыландырған. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облысындағы шаруаларға 8 миллиард теңгеден астам қаражат берілді. Алдағы уақыта "Қазагро" холдингі мұндай тәжірибені ауыл шаруашылығының басқа салаларында да жүзеге асырмақ.  2018 жылға дейін сүт, ет, жүгері өндірісі мен ара өсіретін кооперативтер құрылады деп жоспарлап отыр. Айта кетейік, мұндай берлестіктердің мүшелері бірдей жауапкершілікке ие болады. 

 

Ербол ТАШЕНОВ "АЙМАҚТЫҚ АСТЫҚ ХОЛДИНГІ» ЖШС БАСШЫСЫ:

 

Кооператив құрамына кірудің бірқатар артықшылығы бар. Бастысы несие алу жеңілірек болады. Шаруалар мен екінші деңгейлі банктер үшін баға тәуекелділігі азаяды. Сондай-ақ, кооперативке біріккен шаруалар өнімін өткізуге қиналмайды, өйткені сұранысқа кепілдік бар. Астық сатылған соң қосымша табысты бірлестік мүшелері өзара бөліседі.

 

Еліміздің 5 өңірінде егін орағы басталды

 

Қазір еліміздің Оңтүстігіндегі 5 өңірде егін жинау науқаны басталды. Осы мақсаттар үшін компания тарапынан 3363 ауыл шаруашылық өнім өндірушілеріне 85,3 миллиард теңге бөлінді. Жалпы, егіс пен жиын-терім жұмыстары үшін холдингке жалпы сомасы 60 миллиард теңгені құрайтын бюджеттік несие қаралған. Бұл қаржы мекеменің еншілес компаниялары мен  екінші деңгейлі банктерге берілді.  

 

Сурет: today.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер