"Бейбітшілік жолы" атты эстафета алауын көтерген желаяқтар Семей қаласына келді. 2 мың шақырымды еңсерген халықаралық спорттық акция мүшелері шаһардың орталық көшелерімен жүгіріп өтті. Енді олар Павлодар, Көкшетау мен Астанаға жол тартпақ. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шара қыркүйек айында Ресейдің Уфа қаласында мәреге жетеді.  Айта кету керек, алғашқы алау эстафетасы бұдан 30 жыл бұрын өткен. Акцияға қатысушылар 140 елдің аумағымен жүгіріп өтпек.

 

Дәурен ОСПАНОВ, ЭСТАФЕТАҒА ҚАТЫСУШЫ:

 

Біз екінші шілде күні Харгос қаласынан эстафетаны қабылдадық. Қазақстан бойынша барлығы 4 мың шақырым құрайды біздің маршрутымыз. Эстафетаның мақсаты халықты бейбітшілік, достық, бірлік идеяларына шақыру. Сондай-ақ, спорт, дене шынықтыру және салауатты өмір салтына баулу.

 

Сурет: www.voxpopuli.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер