Қостанай облысы Амангелді ауданында ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері көптеп құрылуда. Бүгінге дейін ауданда 19 ұжым ашылған. Сағадат Дауғарин – 2012 жылы «Сыбаға» арқылы 24 бас сиыр, бір бұқа алып кәсібін бастады. Қазір шаруашылығында мал саны 100-ге жақындаған. Іскер азамат өткен күзде өзі тұратын Қарасу ауылдық округінде 47 отбасыны біріктіріп, ауылшаруашылығы өндірістік кооперативін ашты.

 

Сағадат ДАУҒАРИН, ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Халыққа біздің тарапымыздан көмегіміз шөптен азғантай жеңілдік бар, көмектесеміз. Одан қалды 7 ай малдары тегін бағылады. 36,35 Бұған қоса облысымызда бордақылау алаңдары ашылып жатыр, соған егерде мал ұстап отырған иелері СПК-ның атынан бұзауларын тапсыратын болса, оған тағы да қосымша 24 мың теңгеден әр адам біздің СПК арқылы субсидияларын ала алады.

 

Амангелді ауданында мал тұқымын асылдандыру қарқынды жүріп жатыр. Аудан «Сыбаға» бағдарламасының 5 жылдық жоспарын 122 пайыз орындаған. Амангелді көлемінде үш жүзден астам шаруашылық болса, соның 250-дейі мемлекеттік бағдарламаға қатысады. Жаңа ашылған кооперативтер тұқым сапасын арттыруға серпін бермек. 

 

Ерлібек ЕСЖАНОВ, АМАНГЕЛДІ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 

Бұрын мысалы бір жылдық бұзаулар  90-80 келі тартатын болса, былтырдан бері асылдандырудың арқасында 160 – 170 келі, кейбірі 190-ға дейін тапсырылып жатыр, амандық болса, 4-5 жылдың ішінде дәл осы бағдарлама жалғаса беретін болса, малдарымыз 100 процент болмағанмен 70-80 процент толық асылданып шығады деген үміттеміз.

 

Қостанай облысында ет бағытындағы мал тұқымын асылдандыру бойынша 119 кооператив құрылған. Тұрғындар көлік құралы сай шаруашылықтардың маңайына топтасып келеді. 

 

Сурет: www.lavkamysnika.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер