Ниццада қаза тапқан қазақстандықтадың денелері туған жерлері - Павлодарға жеткізілді. Бұл үшін Астанадан арнайы рейс бөлінді. Террорлық актінің жазықсыз құрбандарын Қазақстанға жеткізу шығынын Франция жағы өз мойнына алған. Панченколар отбасы Ниццаға демалуға барған. Олар 14-ші шілде күні Францияның ұлтық мерекесі тойланып жатқан алаңға отшашу тамашалауға шыққан. Отағасы Леонид Панченко қонақ үйде қалған. Жақындарының денелерін ол күйеу баласымен бірге күтіп алды. Оларды жерлеу рәсімі жұма күні өтеді. Ниццада көз жұмған оның жары - Любовь Панченко кәсіпкерлікпен айналысқан және өңірдегі іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болған.

 

Тимур ТИЛИНИН, ОТБАСЫНЫҢ ДОСЫ:

Лаңкестік деген қасірет қой. Ондай шабуыл кез-келген елде болуы мүмкін. Қазақстандықтар Франция халқымен бірге қайғырды. Еліміздің дипломатиялық миссиясы мен Қазақстандағы Франция елшілігіне рахмет айтамыз, барынша қолдау көрсетті. 

 

 

 

Сурет: nur.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер