Қазақстанда жыл соңына дейін тікелей инвестициялар қоры құрылады. Бастапқы капитал 50 млн доллар шамасында болады деп күтілуде.  Алғашқы салымды «КазАгро» холдингі енгізбекші. Бұдан бөлек, жергілікті және шетелдік инвесторлардан қосымша 250 млн. доллар тарту жоспарланып отыр. Бұл қаржы тікелей отандық агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына жұмсалмақ. Бірінші кезекте, қор есебінен ауылшаруашылығы өнімін терең өңдеуге бағытталған өміршең жобалар қаржыландырылатын болады.  Бұл орайда бүгінде 20-ға тарта тың бастама мамандардың қарауында жатыр. Қор аясында төл кәсібінен нәсіп табу мақсатында елімізге қаржы құюға мүдделі шетелдік кәсіпкерлер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған.

 

Ерлан МҰРАТОВ, «KAZNEX INVEST» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Егер  жобаның құны 13 млн. доллардан жоғары болса, инвестор 10 жылға корпоративтік табыс, жер салықтарынан, оған қоса, 8 жыл бойы мүлік салықтарынан босатылады. Сондай-ақ, әкелген құрал-жабдықтары үшін кедендік баж салығы салынбайды. Бұдан бөлек, кәсіпорын құрылысы мен жобаның жүзеге асуы кезінде сырттан жұмыс күшін тартуға кедергі қойылмайды. 

 

 


Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер